BarCamp TechTalks

 

BarCamp TechTalks – не күтуге болады?

TechTalks форматы бізге 2010 жылы Мәсеуде өткен TechCrunch Moscow конференциясынан келген болатын. Негізінен бұл пікір-талас формадағы сұхбат. Өзекті тақырыптар таңдалып, сахнадағы арнайы сарапшылар жүргізушілердің сұрақтарына жауап береді. Ақыры, "сұрақ-жауап" форматында қызу пікір-талас болады деген үміттеміз.

Ал енді BarCamp TechTalks жайында толығырақ.

Сенбі, 16 сәуір, 13:00 - 13:45

Тақырып: Digital Education: Кәсіби маман болу үшін не қажет?

Сарапшылар: Dialog Innovations GmbH өкілдері, Microsoft Kazakhstan, KIMEP, Notamedia.ru

Модератор: Адиль Нурмаков

Жексенбі, 16 сәуір, 15:35 - 16:20

Тақырып: Бизестің корпоративті қатысу саясаты және бизнеске арналған коммуникациялық стратегиялар.

Сарапшылар: Стратег агенттігі, Notamedia.ru, Kcell

Модератор: Ержан Сулейменов

Жексенбі, 16 сәуір, 17:25 - 18:10

Тақырыптар: Стартаптар, инвестициялар, трендтер – жалғыз идея аздық етеді, тағы не керек? 

Сарапшылар: StartUpPoint.ru, WebProjects.ru, Notamedia.ru, BarCamp Ideas Market демеушілер өкілдері

Модератор: Константин Родчанин

Бұл сессияларда өте қызық болады. Сол себепті қалып қоймаңыздар!

[есіңде] сақта!

 Жыл сайын біздің [ресми емес]конференциямыздың қатысушылар саны өсуде... 

[жіберіп] алма!

Біздің тамаша баркемперлеріміз және достарымыз Александр Ногай мен Улан Каражигитов баркемп қарсанында керемет үнхабар дайындаған еді, онда конференция жайында көптеген мәлімет бар :)

[ұйықтап] қалма!

Алматылықтар, бізге алыстан көптеген қонақ келейін деп жатыр!