Серіктестер

Бұнда сіз биылғы жылы немесе үш жылдай біздің конференциямызды демеп отырғандар жайлы ақпарат тауып аласыз.

BarCamp Central Asia конференциясы шетелдік қатысушылардың пікірінше жоғары деңгейде жасалады, бұл да демеушілеріміздің арқасы.

Біздің үлкен, тату серіктестер командасы біз үшін өте маңызды! Зейін салып оқимыз!

***

 

Бас серіктес - Nokia

Біз Nokia-да адамдардың басын қосуын өз міндетіміз деп санаймыз. Адамдарды олар үшін маңызды болып келетін нәрселерге жақынырақ болдыратын дербестендірілген қызметтермен бірге қиысқан жаңа технологияларды ұсынамыз. Күн сайын 1,3 миллиардтан астам адам бір-бірімен – қарапайым телефондардан бастап, қазіргі заман смартфондарымен аяқтап Nokia компаниясы ұсынған құрылғылар арқылы байланысады. Nokia компаниясы Ovi (www.ovi.com) арқылы өз құрылғыларына инновациялық қызметтерді енгізеді, оның ішінде музыка, карталар, үстемелер, электрон поштасы мен басқа көп нәрселер. Nokia-ның бөлімшесі NAVTEQ компаниясы кешендік сандық картография мен навигациялық қызметтер саласындағы жетекші болып келеді, ал Nokia Siemens Networks компаниясы бүкіл әлем бойынша байланыс жүйелері үшін жабдық пен шешімдерді жеткізеді.

Серіктестер

  

 

Техникалық серіктестер

«Қазақтелеком» АҚ адамдардың бір-бірімен және барлық әлеммен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін жоғары сапалы қызметтер мен өнімдер жасайды. Компания білімнің дамуын жылдамдатады, ақпарат және интерактивті сервис алу, қарым-қатынас әлеуетін кеңейте отырып, жеке және корпоративтік жұмыс тиімділігін арттырады. 

 

Ресми әуе тасымалдаушы 

 

Алтын серіктестер 

Opera Software

Opera деген не? Иә, бұл шолғыш. Оның көмегімен интернеттегі кез келген бетті қарауға, поштада хабарландырулар алып-жіберуге, файлдар мен бейнелерді жүктеуге, түрлі форумдар мен чаттарда достармен хабарласуға, жаңа қызықты достарды тауып алуға болады. Ал негізінде, бұл жай ғана шолғыш. Дұрыс шолғыш.

188 сервистік-ақпараттық қызметі

БІЗБЕН ЫҢҒАЙЛЫ! Және бұл жай ғана сөз емес! Біз – әр адам оңай және аса көп уақыт пен қаржы жұмсамастан кез келген сұраққа сауатты, дұрыс жауап береміз, сондай-ақ тұрмыстық проблемаларды шешуде шұғыл жәрдем алуда және Сіздің жақындарыңыз үшін жағымды тосынсыйларды іске асыру үшін құрылғанбыз.Тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, кез келген жағдайда, бүкіл Қазақстан бойынша.

GSM Kazakhstan/Kcell

GSM Kazakhstan/Kcell компаниясы әр қазақстандыққа белгілі. Сапалы ұялы байланыс пен 3G желісі арқылы жұмыс жасайтын мобильді Интернет – бұл компаниямен абоненттерге ұсынатын қызметтер. GSM Қазақстан/Kcell ірі скандинавиялық телекоммуникациялық холдинг TeliaSonera құрамына кіреді, компанияның 49% «Қазақтелеком» АҚ-на тиесілі. Компания міндеті – ұялы байланысты Қазақстан тұрғындарына қолжетімді ету, өзінің абоненттеріне барынша көп пайда әкеліп, әрі ең жоғары сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.

Шара серіктестері 

StudyPlanner by Dialog Innovations GmbH

StudyPlanner.Org – үздіксіз кеңейтіліп тұратын білім беру әлемінде мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына өз кеңістігін табуға арналған әлеуметтік жоба. Бұл жоба білім алудағы лабиринттерде бағдар беру үшін жасалынып, қазіргі заман Интернет-технологиялар мүмкіндіктері мен кәсіби мамандардың халықаралық командасымен қарым-қатынас негізінде құрастырылған.

Windows Internet Explorer 9 өнімімен Microsoft 

Microsoft корпорациясы – бағдарламалық жабдықтау әзірлеу және жеке компьютерлер мен серверлер үшін интернет-технологиялар әзірлеу, қызмет көрсетуде әлемдік көшбасшы. Қазақстан Республикасында Microsoft өкілдігі 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Microsoft Kazakhstan қызметінің негізгі стратегиялық бағыты: жергілікті инновацияларды дамыту, Республиканың білім беру орындарында білім сапасын көтеру облысында жобаларды іске асыру мен әлемдік стандартта жұмыс процесстері мен еңбек өнімділігінің нәтижелігін көтеруде қолдау көрсету.

Doctor Web

«Доктор Веб» компаниясы ақпарат қауіпсіздігі құралдары бойынша ресейлік әзірлеуші. Компания мемлекеттік ұйымдар, ірі компаниялар мен жеке пайдаланушылар үшін тиімді антивирустық және антиспамдық шешімдерді ұсынады. Dr.Web антивирустық өнімдері 1992 жылдан бері жасалынып келеді. Пайдаланушылардың кең географиясы және де көптеген сертификаттар мен марапаттар компанияның өнімдеріне деген сенімділік деңгейін көрсететіні анық.

Конференция қонақтары

 

    

 

Серіктестер  

      

Ақпараттық демеу

  

 
 

   

  

   

Көтеріңкі көніл-күй бірге

 

  

  

[есіңде] сақта!

 Ал, шындарыңды айтыңыздар, сіздер біз тіркелген әлеуметтік жүйелердегі барлық қауымдастықтарда барсыңдар ма, ал твиттерде қостыңыз ба?

[жіберіп] алма!

Біздің тамаша баркемперлеріміз және достарымыз Александр Ногай мен Улан Каражигитов баркемп қарсанында керемет үнхабар дайындаған еді, онда конференция жайында көптеген мәлімет бар :)

[ұйықтап] қалма!

Алматылықтар, бізге алыстан көптеген қонақ келейін деп жатыр!