Қатысушыларға

Жыл сайын біздің [ресми емес]конференциямыздың қатысушылар саны өсуде. Бұрында баркемпке қатысқандар біледі деп ойлаймыз (бірақ қайталаған артық болмас :), ал алғаш рет қатысам дегендер үшін бұл жалғыз Қазақстанның емес, бүкіл ТМД елінің үлкен Интернет-шарадан не күтуге болатынын және де не істеу қажет екенін айта кеткеніміз жөн :)

Ал енді, баркемперге не білу қажет:

  • бұл ашық шара, оған әркім қатыса алады, БІРАҚ тіркелуден міндетті түрде өту қажет;
  • бұл ресмилігі жоқ шара, бұнда ірі компанияның топ-менеджерлері жас мамандармен бірдей араласа алады, БІРАҚ коммуникабелді және белсенді болуына міндеттісің;
  • бұнда пайдалы таныстық пен байланыстарға ие болып, қызықты адамдарға тап боласың;
  • бұнда өз жобаңа қатысты идея мен тәжірибемен бөлісуге болады және ҚАЖЕТ, пікірлес адамдарды тауып, олармен байланыс орнатуға зор мүмкіндік бар.

Баркемпке өзіңмен бірге не алу қажет:

  • көтеріңкі көңіл-күй (оны сөреден алып шығыңыз, онсыз болмайды :)
  • ең тамаша сәттерді өз ұрпақтарыңызға ұзаққа сақтау үшін фото немесе видео-камера;
  • есеп беріп, блогыңызға пост, эмоцияларыңызда блогқа, твиттерге, әлеуметтік желілерге және... сіз тіркелген басқа да ресурстарға жазу үшін ноутбук :)

Ал ең бастысы: есіңізде болсын, ұйымдастырушылар қызықты, өзекті, маңызды білім алып, байланыс орнатуыңызға жағдай жасап, алаң береді. Ал осы үш күнді қалай өткізгеніңіз, кіммен танысып, қандай жаңа білім алатыныңыз өзіңізге байланысты болмақ.

Сол себепті сізді белсенді болуға шақырамыз!
 

[есіңде] сақта!

 Ал, шындарыңды айтыңыздар, сіздер біз тіркелген әлеуметтік жүйелердегі барлық қауымдастықтарда барсыңдар ма, ал твиттерде қостыңыз ба?

[жіберіп] алма!

Бизнестің қандай мақсаты бар? Көптеп таралған жауап: «Ақша табу». Бірақ ең дұрысы – ақша тауып, ... тек өзіңіздің дамуыңызға көмектеспей, басқаларға да жәрдемдесу.

[ұйықтап] қалма!

Алматылықтар, бізге алыстан көптеген қонақ келейін деп жатыр!