Жүлделер

Жүлделер аз болмайды деп бір құпия ашайық.

Былтырғы жылдай BarCamp Best Blog Award-та үздік блогтар жүлдесі болады, BarCamp Ideas Market стартаптар жүлдесі тағы бар (коммерциялық + әлеуметтік), сонымен қатар... серіктестер мен ұйымдастырушылардың басқа да жүлделері.

Есіңізде болсын!

[есіңде] сақта!

Егер де мен тіркелудің алғаш күні келсем, сайтта тіркелудің қажеті жоқ қой? Ол не үшін? Ал бейдждер не үшін? – деген секілді сұрақтар конференция сайты ашылғалы бізге көптеп келді.

[жіберіп] алма!

Біздің тамаша баркемперлеріміз және достарымыз Александр Ногай мен Улан Каражигитов баркемп қарсанында керемет үнхабар дайындаған еді, онда конференция жайында көптеген мәлімет бар :)

[ұйықтап] қалма!

Алматылықтар, бізге алыстан көптеген қонақ келейін деп жатыр!