31 Наурыз 2011
Бір төсек орын, екі төсек орын
Алматылықтар, бізге алыстан көптеген қонақ келейін деп жатыр! Қонақүй барлығына жетпей қалуы мүмкін, сол себепті бұрыннан келе жатқан баркемптік дәстүрді тезірек жаңғыртуға шақырамыз, сонымен қатар, ұлттық қонақжайлығымызды ұмытпай, конференцияға алыстан келгендерді алматылық қатысушылардың үйінде орналастыру қажет.
Сізде бос диван бар ма? Мүмкін қаптөсекке бір орын болар? Тамаша, онда біз сізге кеттік!
Құпия болса да, айта кетейік, бұндай жағдайда украин, латыш, ресейлік, белорус және басқа да баркемп-әріптестердің қонақжайлығы баркемп ұйымдастырушылары Елена (Мурся) мен Инессаны құтқаратын. Біз де осыны үлгі етіп, «Баркемперді паналатып, баркемп-сынақ кітапшана плюс ал» деген халықаралық қозғалысқа қосылайық!
Егер де бос төсек орындарыңыз бар болса, пікір қалдырып немесе barcampkz@gmail.com адресіне хат жолдаңыз, қанша орын, қандай шартпен (бөлек диван/төсек, қаптөсекке арналған орын,
қонуға болатын бос ванна) орын бере алатыныңызды жаза салыңыз.
Бірден айта кетейін, «екі әдемі баркемпші қызды паналаймыз» деген сияқты жеңілтек өтініштер қабылданбайды!
Ұялмаңыздар, пікір қалдырып, игі істерді бірге жасайық!
Инесса және де баркемп күндерінде пана іздейтіндердің барлығы.
Барлық посттар
[есіңде] сақта!

Бізді, BarCamp Central Asia 2011 IT-конференцияның ұйымдастырушылары ретінде, жылдан жылға жобамызға көптеген компаниялар демеушілік көрсетіп жатқаны қуантады.
[жіберіп] алма!

Біздің тамаша баркемперлеріміз және достарымыз Александр Ногай мен Улан Каражигитов баркемп қарсанында керемет үнхабар дайындаған еді, онда конференция жайында көптеген мәлімет бар :)
[ұйықтап] қалма!

Көзді ашып-жұмғанша, бір жыл да өтіп кетті. Міне, алдымызда кезекті BarCamp Central Asia.