29 Сәуір 2011
Dr. Web: Жаратқанынды қорға
Бізді, BarCamp Central Asia 2011 IT-конференцияның ұйымдастырушылары ретінде, жылдан жылға жобамызға көптеген компаниялар демеушілік көрсетіп жатқаны қуантады. Бірақ бір құпиямызды ашайық, біз үшін олармен бірге жұмыс жасау тіптен қуаныш тудырады, себебі конференцияны ұйымдастыру барысында компания үшін де, жоба үшін де үздік шешімдер туады.
Осындай симбиоз арқылы шараға қатысқандардың барлығы да ұтады. Бұндай табысты қарым-қатынастың арқасында біз дос-әріптес болып қаламыз және де келешекте серіктестігіміз үзілмейді
деп сенеміз :)
Биылғы жылы
біздің бас серіктесіміз Nokia компаниясы болды, олар
«Доктор Веб – Орталық Азия компаниясының» тамаша жігіттерімен бізді таныстырды, ақыры біз серіктес қана болып қоймай,
конференцияның барша қатысушыларын антивирус-шешімдерімен демеп, келесі баркемпке дейін қапуіпсіздік мәселесін шештік деп айтуға болады :)
Шын жүрегімізден "қауіпсіздік серіктестерімізге" алғыс айтқымыз келеді: конференцияның әр қатысушысы жарты жылдық мерзімі бар Dr. Web Security Space Pro Интернет-қауіп төну EM-картасына ие болды, BarCamp Ideas Market стартаптар жүлдесі мен BarCamp Best Blog Award блогтар жүлдесінің финалына өткендердің барлығы ынталандыру сыйлығы – 12 айлық мерзімі бар Dr.Web Антивирус PRO және Dr.Web Security Space PRO бокстарына ие болды (әр бокс бір компьютер емес, екі компьютерге арналған!).
Dr. Web компаниясының ұраны да жай емес - "Жаратқанынды қорға" – біз үшін ол конференция, себебі біз бұл шараны сүйікті баламыздай дамытып, өсіріп келеміз, ал қатысушылар үшін бұл жақсы көретін компьютер мен мобильді құрылғылары, онсыз IT-конференцияның өтуі де, баркемпердің өмірі де мүмкін емес!
«Доктор Веб – Орталық Азия» командасы, сіздерге көп рахмет!
Барлық посттар
[есіңде] сақта!

Бізді, BarCamp Central Asia 2011 IT-конференцияның ұйымдастырушылары ретінде, жылдан жылға жобамызға көптеген компаниялар демеушілік көрсетіп жатқаны қуантады.
[жіберіп] алма!

Бизнестің қандай мақсаты бар? Көптеп таралған жауап: «Ақша табу». Бірақ ең дұрысы – ақша тауып, ... тек өзіңіздің дамуыңызға көмектеспей, басқаларға да жәрдемдесу.
[ұйықтап] қалма!

Көзді ашып-жұмғанша, бір жыл да өтіп кетті. Міне, алдымызда кезекті BarCamp Central Asia.