BarCamp Ideas Market

 

BarCamp Central Asia 2011 – жаңа жобалар немесе идеялармен таныстыруға арналған тамаша мүмкіндік.

BarCamp Ideas Market арнайы стартап секциясы үш жылдың ішінде конференция төңірегінде идеялардың жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін алаңға айналды.

Алдын-ала таңдалған жобалар BarCamp Central Asia 2011 білікті қазылар алқасы алдында 5 минуттық презентация жасау мүмкіндігіне ие болады, қазылар алқасында ресейлік кәсіби мамандар мен жүлде серіктестерінің өкілдері болмақ. Тыңдау 1сәуір күні өтеді.

Қазылар алқасының қорытындысынан кейін үздік жобалар талап қойғыш баркемперлер аудиториясы алдында пайдалы және қажетті сыйлықтармен марапатталады, сыйлықтарды - АҚ "Қазақтелеком"бас әріптесіміз Nokiaқауіпсіздік бойынша әріптесіміз Doctor Web, сонымен қатар, венчурлық фонд ТА Venture және 2011 жылы қазан айында Киевте өтетін "IDCEE 2011: Орталық және Шығыс Еуропа инвесторы күні" атты Халықаралық конференциялар ұсынады.

Биылғы жылы алғаш рет бүкіл Орталық Азияның қатысушылары секцияға өз жобаларын қатыстыра алады!

Қазақстандық қатысушылар үшін техникалық серіктесіміз - АҚ "Қазақтелеком" iD Host брендімен –ID VPSқызметіне тегін қосылуға 1 жылдық мерзімі бар 5 сертификат дайындады.

Жобаларға негізгі талаптар:

 

  • Жоба Орта Азияда бар жобаларды қайталамау керек;
  • Жоба жоғары даму әлеуетіне ие болуы тиіс (алға жылжыту моделін де көрсету қажет!);
  • Жоба үлкен аудиторияға бағытталуы тиіс;
  • Күтілетін нәтижелерді сипаттауыңыз қажет;
  • Жобаның шамамен алғандағы бюджетін қоса салыңыз.

 

Секцияға қатысу үшін .doc файылында 2 беттен аспайтын өтініш дайындау қажет, ішінде қысқашапрезентация жасайтын адамның био және байланыстарын, сонымен қатар, жоғарыда қойылған сұрақтардың толық жауаптарын "BarCamp Ideas Market" жазуы бар хатты barcampkz@gmail.comпоштасына жіберіп, осы жазбаның пікірлеріне өтініш жіберілді деп жаза салыңыз.

 

 Өтініштердің алдын-ала сұрыпталуы 14 сәуір күні аяқталады. Асығыңыз!

Секцияның қатысушылары мен серіктестері:

   

   

 

 

[есіңде] сақта!

 

Бізді, BarCamp Central Asia 2011 IT-конференцияның ұйымдастырушылары ретінде, жылдан жылға жобамызға көптеген компаниялар демеушілік көрсетіп жатқаны қуантады.

[жіберіп] алма!

Бизнестің қандай мақсаты бар? Көптеп таралған жауап: «Ақша табу». Бірақ ең дұрысы – ақша тауып, ... тек өзіңіздің дамуыңызға көмектеспей, басқаларға да жәрдемдесу.

[ұйықтап] қалма!

Алматылықтар, бізге алыстан көптеген қонақ келейін деп жатыр!