BarCamp Best Blog Award
BarCamp Central Asia биыл екінші жыл дәстүрлі жүлде - The Best Blog Award-тың өтуі жайында барлық блогшыларға қуана хабарлайды.
Биылғы жылдың ең қуаныштысы – Орталық Азияның бүкіл блогшылары жүлдеге өтініш жібере алады! Ал, бастайық! :)
Жүлдеге қатысу үшін блогтарға қойылатын шарттар:
-
Кез келген тілдегі Орталық Азияның қызықты блогтары;
-
Қайталанбас мазмұны бар, аптасына 3 реттен кем емес жаңаланатын (пікірлер, көзқарастар,сараптама, заметкалар, фото немесе видео – яғни, блогингтың кез келген формасы, көшіріп жазудан басқа);
-
Тақырыптылық (әдеби блог болмайтын жағдайда, көбінде «жеке басты» жазбалар және қазан-ошақ тақырыптарына арналған блогтар қабылданбайды. Қоғамға ортақ тақырыптар мен мамандырылған, сараптамалық және т.б. блогтарға артықшылықтар болады).
Өтінішке жазылатын мәліметтер:
-
Өтініш берушінің аты-жөні;
-
Блог адресі және аты;
-
Ашылған күннің датасы;
-
Блог бағытының қысқаша сипаттамасы (не жайында жазасыз?);
-
Блог аудиториясының қысқаша сипаттамасы;
-
Күніне кіруші саны;
-
Үнемі жазылып тұратындар саны;
-
Жаңарту жиілігі;
-
Блогты әрі-қарай дамыту жоспары.
Бөлек құжат ретінде сақталған өтініштерді (хаттың ішінде емес) barcampkz@gmail.com адресіне(тырнақшасыз) "Конкурс блогов" (тақырыбы болмаса, хат фильтірленіп, басқа жаққа кетіп қалып, блог саналмай кетеді) тақырыбымен жіберіңіз.
Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 14 сәуір.
Алдын-ала іріктеуден кейін блогтардың шорт-парағы ресми сайтта ілінеді, келесі іріктеу сарапшы қазылар алқасымен жасалынады.
Блогшыларды марапаттау салтанаты 16 сәуірде BarCamp Central Asia 2011-дың барлық сессияларынан кейін ҚМЭБИда өтеді.
Жүлденің серіктестері - біздің тамаша бас демеушіміз Nokia, ресми әуетасымалдаушы Air Astana және де BarCamp Central Asia қауіпсіздік серіктесіміз - Doctor Web компаниясы.

[есіңде] сақта!

Соңғы екі аптаның ішінде бір емес, екі де емес, 10 рет те емес, қазақстандықтардан жолақы гранттары жайында сұрақтар келіп жатты.
[жіберіп] алма!

Бизнестің қандай мақсаты бар? Көптеп таралған жауап: «Ақша табу». Бірақ ең дұрысы – ақша тауып, ... тек өзіңіздің дамуыңызға көмектеспей, басқаларға да жәрдемдесу.
[ұйықтап] қалма!

Көзді ашып-жұмғанша, бір жыл да өтіп кетті. Міне, алдымызда кезекті BarCamp Central Asia.